Тип программы,
который вас интересует
Связаться с нами можно позвонив по телефону или написать в WhatsApp
Қайырлы күн!
Менде барлығы жақсы, ойдағыдай ұшып келдім және университетке жақсы жеттім. Ұшып келген күні орналастым. Бірінші күні оқу мен медициналық сақтандыруға қатысты барлық ұйымдастырушылық мәселелерді шештім. Банк картасын да бірден жасадым.
Кеше кіріспе семинар болды, онда бізге кампустағы барлық сервистер туралы, оқу үдерісінің қалау өтетіні туралы және түсініспеушілік орын алған жағдайда өзін қалай ұстау керектігі туралы айтып берді. Университеттің порталында студенттердің жеке кабинеті бар, онда оқып жатқан пәндерің туралы бүкіл ақпаратты, олардың кестесін, бағаларыңды және көптеген басқа нәрселерді көре аласың. Келесі аптада оқуымды бастаймын.
Қаланың өзі керемет екен: айналасында таулар, жасыл желекке оранған, экзотикалық құстар көп – тікелей кампустың аумағында какадулар үшып жүреді. Қала өте жайлы, жасыл желекке оранған тыныш көшелерде шағын үйлер көп. Бірақ көпқабатты үйлерден тұратын заманауи кварталдар да бар. Үлкен сауда орталығы және жаяу жүретін орталық көше бар. Жағалау да өте әдемі, ол жерден шамшыраққа және мұхитқа керемет көрініс ашылады.
Мен тұратын аймаққа жақын жерде бірқазандар тіршілік ететін Иллавара көлі орналасқан, ол жер өте әдемі және тыныш. Мен бүкіл қаланы дерлік жаяу және көлікпен аралап шықтым, барлық жерде өзінің қызығы бар.
Университет қалашығы үлкен. Жасыл желекке оранған бұл аумақта орындықтар және тынығуға арналған орындар бар. Барлық ғимараттардың іші де, сырты да заманауи үлгіде салынған. Көптеген кафелер, дүкендер және бос уақыт өткізуге арналған кеңістіктер бар. Кез келген мәселе бойынша жүгінуге болатын қолдау орталығы бар.
Мұнда шетелдік студенттер біршама көп екен. Орыс тілінде сөйлейтіндер мүлдем жоқ.
Мен австралиялықтармен жиі тілдесемін, олар өте жайдары және жылы шырайлы адамдар екен. Олармен тілдескеннен тек позитивті эмоция аласың.
Барлығы да осылайша жақсы жалғаса береді деп үміттенемін!
Сөзімнің соңында Сізге және бүкіл Students International компаниясына атқарған жұмыстарыңыз үшін, ықыластылық және біліктілік танытқандарыңыз үшін, сондай-ақ сіздермен әрдайым хабарласып, өзімді қызықтыратын сұрақтың жауабын алуыма мүмкіндік бергендеріңіз үшін алғыс білдіргім келеді! Сіздер күш-жігер салып тырыспаған жағдайда мен қазір бұл жерде оқымас едім! Мен үшін жасаған еңбектеріңізді өте жоғары бағалаймын! Мен демалысқа келгенде кездесеміз деп үміттенемін!
Менің есімім Николай Брюханов. Сонау 2019 жылы жұбайым Екатерина екеуміз жоғары білім алуды жалғастыру үшін Австралияға көшу мәселесін ойландық.
Students International компаниясына хабарласып, Зинаидамен танысқанымыз жақсы болды, ол виза алу және оқу орнын таңдау мәселелері бойынша біздің менеджеріміз болды.
Бұл мәселені жан-жақты талқылағаннан кейін біз Брисбен қаласындағы Griffith University-ді таңдадық, ол жерде маған лайық келетін Master of Finance болды. Біз оқуға қабылданып, жоғары оқу орнына депозит төледік те, визаға өтініш бердік. Бірақ сол сәтте COVID басталып, біздің көшу үдерісіміз кідіріп қалды…
Сол кез біз үшін аса ауыр болғанын мойындаймын, өйткені біз жұмыстан босап, көшу үшін қаражатты арттыру мақсатында мүлкіміздің бір бөлігін сатқан болатынмыз. Бірақ Зинаида бүкіл осы айларда (тіпті жылдарда!) бізге шын жүректен қолдау көрсетіп, Университеттен және Австралия көші-қон қызметінен келген жедел ақпаратты бөлісіп отырды.
Бағымызға орай, 2022 жылы біз ақыры Австралияға ұшып кеттік! Менің оқуым басталып кетті. Бізде ерекше шабыт пайда болды және мұндай жетістікке жетуімізге Зинаида зор үлесін қосқанына сенімдімін. Оған тағы да зор алғыс айтқымыз келеді, сондай-ақ шетелде білім алу мәселесінде оның жоғары кәсіпқойлығын және клиенттермен жұмыс жасаудағы маңызды адамгершілік қасиеттерін атап өткіміз келеді! Біздің тәжірибеміз нәтижелі болды және біз Students International-ды достарымызға ұсынуға дайынбыз
Менің есімім Дарья. Мен Дондағы Ростов қаласынанмын. Мен 8 жылдан бері Лондонда тұрамын және жұмыс істеймін, сүйікті ісіммен айналысамын және жай ғана… өмірден ләззат аламын!
Осының барлығы бірінші оқу жылында маған лайықты Foundation бағдарламасын табуға көмектесуден басталды. Одан кейін біз тікелей Лондондағы кампусы бар Roehampton University жоғары оқу орнын таңдадық. Мен мұнда бакалавр деңгейін алдым.
Осы жылдар бойы Students Internationalтек маған ғана емес, сонымен қатар менің ата-анама да көмектесті – ата-анам мені көруге Англияға келуі үшін оларға бірнеше рет виза ашты.
Тіпті қазір, 8 жыл өткеннен кейін, біз бұл компаниямен байланысты үзген жоқпыз!
Көптеген жылдар бойы керемет қолдау көрсеткені үшін Елена Луцкаяға ерекше алғыс айтқым келеді!
Менің есімім Артём, мен қазір Торонтодағы Centennial College-де оқып жатырмын. Шетелде оқу секілді күрделі мақсатқа қол жеткізуге көмектескені үшін Students International компаниясына рахмет айту мақсатында жазып отырмын! Қызметтерге арналған баға мен шарт жасау үдерісінен бастап, мені шығарып салу рәсіміне дейін барлығы көңілімнен шықты. Сондай-ақ өзіме арналған визаны рәсімдеумен тікелей айналысқан қызметкерлерге, Мәскеудегі кеңседен шетелдік төлқұжатымды алған адамдарға және ұзақ күттірген визаны жапсыру үшін оны алып барған қызметкерлерге алғысым шексіз. Туындаған сұрақтардың барлығына әрдайым барынша жылдам және толық жауап бергені үшін, кез келген жағдайда көмектесуге тырысқаны үшін, тілдесу кезіндегі сыпайылығы мен ықыластылығы үшін компанияның Краснодардағы кеңсесінде жұмыс істейтін менеджер Екатерина Юрьеваға рахмет. Компанияның, сондай-ақ оның қызметкерлерінің әрі қарай дамып, өркендеуін тілеймін!
Осы пікірі үшін Артёмғаүлкенрахмет!!! Оған оқуда үздік болуды, Канадада жаңа достар табуды және барлық жоспарларын іске асыруды тілейміз!
Сәлем! Менің есімім Артём. Мен Манчестердемін, бүгін менің алғашқы оқу күнім.
Қазір мен Masters Preparation-ге түсіп жатырмын, осы дайындық бағдарламасынан кейін магистратурада Sport Management оқуды бастаймын.
Көмек көрсеткені үшін SI компаниясына үлкен рахмет, сіздер студенттерге оқуға түсуге көмектесу арқылы өте үлкен іс атқарып жатырсыздар!
Виктория Сидороваға зор алғысымды білдіргім келеді! Сабырлық танытқаны үшін ерекше алғыс айтқымкеледі – өйткені сұрақтар өте көп болды.
Қазір мен Мельбурнда оқып жүрмін, алғашқы assessments тапсырудамын және part-time жұмыс істеудемін.
⚡⚡⚡ Сондай-ақ ағымдағы саяси жағдайға байланысты, Ресейден келген студенттердің ұлтына байланысты буллингке ұшыраймын деп уайымдаудың қажеті жоқ. Жоғары оқу орнында да, жалпы Мельбурнда да өзімді аса жайлы сезінемін. Тіпті оқытушылар мен студентттердің мен үшін уайымдап, қолдау көрсетуге дайын екенін сезінемін.
Уақыт расында зулап өтіп жатыр! Оқу (менің бағдарламам – environmental management) жақсы өтті, колледжде маған барлығы ұнады деуге болады: елгезек оқытушылар, өзіміз оқыған материал, қызықты тәжірибелік машықтар (мен жерасты суларына мониторинг жасау үшін құдықты қалай қазу керектігін енді білемін). Тәжірибелер өте көп болды, оқытушылар үшін біздің ақтық сынақты қалай жазғанымыз емес, біздің сынамалар жинауды, жабдықтар пайдалануды, өлшем жасауды, үлгілер талдауды және т.б. қалай орындап шыққанымыз маңызды болды.
Сo-op-пен (тағылымдамамен) менің жолым болды! Нәтижесінде мен үлкен компанияда тағылымдамадан ойдағыдай өттім. Ontario Clean Water Agency (Mississauga) компаниясында мені ұзақ уақытқа қалуға шақырды, бірақ өкінішке орай, бұл мүмкін болмады.
Баспанамен байланысты күтпеген жағдайлар мен жайсыздықтар орын алды. Маған жолыққан жалға беруші әйел халықаралық бағдарламалар бойынша оқитын студенттердің есебінен пайда табуды кәсіпке айналдырған екен. Ол студенттерді шығарып жіберіп, кепілдік төлемін өзіне қалдыру үшін кез келген себеп іздейтін. Бір күні мен де далада қала жаздадым, бірақ жаңа баспана табылғанға дейін мені мысығыммен бірге үйінде уақытша тұруыма мүмкіндік берген өте жақсы достарым бар болды. Мен қалып кеткен заттарымды қайтаруға тырысқан кезімде жалға беруші әйел тіпті полиция шақырды. Колледж менің шағымыма бірнеше айдан кейін ғана назар аударып, ақыр соңында ол кісіні колледж сайтындағы housingpage-де бұғаттап қойды.
Тағылымдама туралы тағы айта кетерлік жайт: компания студенттермен ӨТЕ жақсы жұмыс жасайды екен.Егер бір нәрсе түсініксіз болса, әріптестерім әрдайым көмектесіп, түсіндіріп беретін. Менің менеджерім жеке мені не қызықтыратынын және өз әлеуетімді іске асыру үшін компания қалай көмектесе алатынын сұрайтын
Ресейден Жаңа Зеландияға – біздің компанияның көмегімен Жаңа Зеландияда оқып, сол жерде өз мансабын бастаған Андрей Сухомлинов туралы әңгімеленген Жаңа Зеландиялық THINK NEW басылымының мақаласынан үзінді көшірме.
✍🏻 «Өткенді еске алар болсам, мен үйден алыс жерге, мүлдем басқа жерге кеткім келгенін мойындаймын».
✍🏻 «Менің ойымша, үйде маған адамдардың арасындағы ашық және ізгі байланыс жетіспейтін еді, мұндай байланысты мен осы жерде анық байқадым. Мен еш айыптаусыз өзіммен өзім бола алатынымды сезіндім. Үйдегі белгілі бір үлгіге сәйкес болудан бас тарту мен үшін зор іс болды».
✍🏻 «Мұнда әлеуметтік және мансаптық ұтқырлық жоғары және бұл маған шабыт береді».
✍🏻 «Шетелге үйіңіздегі тәртіпті орнату үшін келмеңіз. Егер бұлай жасасаңыз, жеке дамуыңыздың зор мүмкіндігін жіберіп аласыз»
✍🏻 «Жаңа Зеландияға келгеннен кейін менің әлемге деген көзқарасым түбегейлі түрде өзгерді. Халықаралық білімнің арқасында барлық әрекеттеріңнің расында маңызды болып табылатынын, сондай-ақ әлемге және адамдарға шынайы әсер ететін әлеуетің бар екенін түсінесің».
Сәлеметсіздер ме! Менің Дубайға білім алу сапарымды ұйымдастырғаныңыз үшін сіздерге алғыс білдіреміз, барлығы керемет өтті! Оқуым пайдалы болды, ал араб еліндегі өмірім –қызықты тәжірибе болды! Маған барлығы қатты ұнады!
Менің отбасымның алдында 3 баланы (6, 11 және 14 жас) аса қысқа мерзімде (оқу жылының басталуына дейін бір айдан аз уақыт қалған болатын) бір оқу орнына орналастыру бойынша күрделі тапсырма болды. Расында, бұл – көптеген мектептерде, әсіресе бастапқы топ мектептерінде балалар толы болатын жағдайда оңайға түскен жоқ.
Біз іске асуы екіталай деп есептеген тапсырманы Students International компаниясының менеджері Екатерина Балабанова орындай алды. Біз осы мәселе бойынша оның біліктілік танытқаны үшін және адамгершілік көмегі үшін оған алғыс білдіреміз!
Екатерина барлық мәселелерді нақты және жылдам шеше алды. Барынша байпты таңдау жасау маөсатында отбасымыз үшін мектепте экскурсия жасау туралы келісті. Біз барып, мектепті көргеннен кейін ата-ана ретінде біздің ғана емес, сонымен қатар балаларымыздың да көңілі орнына түсті және олар мектепке қуанышпен және барлығы керемет болады деген сеніммен барды!
Балаларымыз үшін мектепті таңдауға көмектескені үшін Стьюдентс Интернешнл компаниясына алғыс білдіреміз
ОСЫНДАЙ ЖАҒЫМЫ ЖӘНЕ МАҚТАУЛЫ ПІКІРІ ҮШІН
ИННАҒА АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ!
Менің ұлым Андрей 2012 жылдан бері Queen Ethelburga’s Collegiate колледжінде оқиды. Біз жекеше мектеп іздеу бойынша көмек сұрап Students International-ға хабарласқан кезімізде Андрей ағылшын тілін жеткілікті деңгейде меңгермеген болатын, сондықтан компания мамандары бізге лайықты дайындық курсынан өтуді ұсынды. Оны тәмамдағаннан кейін Андрей Queen Ethelburga’s колледжіне қабылданды. Агенттік біз үшін мектепте кездесу ұйымдастырды, мен барған кезде ондағы барлық нәрсе маған өте ұнады. Мен осы жылдар ішінде балам үшін дұрыс таңдау жасалғанына көзімді жеткізе алдым. Менің байқауымша, Андрей өз бетінше әрекет ете алатын болды, оның бағалары жақсарды, ол белсенділік танытуда, Эдинбург герцогының марапаты үшін жарыстарға қатысуда, мектептегі жазғы лагерьде үнемі қалуда. Ол ынтагерлік танытып жүр, енді мен оның университетте оқи алатынына және қамқорлықсыз жеке өмір сүре алатынына, өз әрекеттері үшін жауап бере алатынына сенімдімін.
Осы жылдар бойына SI бізді сүйемелдеп, баланың мектеп-пансионда оқуы кезінде сөзсіз туындайтын әртүрлі мәселелерді шешуге көмектесті: үлгерімімен, британдық мектептің бағалар жүйесімен, төлем жасаумен, ата-аналардың виза алуымен және Андрей үшін визаның мерзімін ұзартумен байланысты мәселелер, сондай-ақ тұрмыстық мәселелер де аса көп туындады
Students International-ға рахмет!
Біз Students International компаниясымен бұрыннан таныспыз, өйткені мен қызымды шетелге тіл үйрену курстарына тым ерте жібере бастадым. 8 жасынан бастап Альвина (фотосуретте) жаз бойы Австралияға, Швейцарияға, Англияға барды. Ағылшын және француз тілдерін оқыды, сондай-ақ математиканы, химияны, биологияны терең оқыды. Мен не нәрсеге ақша салып жатқанымды білдім, өйткені балаларды дамыту – ең басты нәрсе екенін түсіндім. Мен қызыма әрдайым ең жақсының барлығын ұсынуға, сондай-ақ өз қабілетін іске асыру үшін барлық мүмкіншіліктерді беруге тырыстым!
Альвина ұзақ уақыт бойы британдық мектепте оқыды, бірақ ол кейіннен ирландық мектепке ауысты. Қазір ол 17 жаста. Биыл ол Students International компаниясының көмегімен жоғары оқу орнына түседі. Әрине, Тринити колледжіне түскіміз келеді.
Менің айтайын дегенім, Students International – 5 жыл бұрын ғана пайда болған және зор тәжірибем бар деп мақтанатын қайдағы бір компания емес. Оның мұндай тәжірибесі расында бар, біздің балаларымыз олармен бірге өсті!
Қазіргі таңда менің қызым Фаина St.Edmunds мектебінде A-level курсын ойдағыдай тәмамдауда.
Білім беру бағдарламасына ғана емес, сонымен қатар өз оқушыларының жасампаздығын дамытуға да бағдарланған мектепті таңдауға көмектескені үшін «StudentsInternational» агенттігіне алғыс білдіреміз. Фаина мұнда музыкамен және фотосурет түсірумен айналысуды жалғастыра алды. Оқу кезінде ол өз бетінше әрекет ете алатын тұлғаға айналды, ынтагерлік танытатын болды, ол керемет көшбасшылық қасиеттерін және тайм-менеджмент машықтарын дамытты, сондай-ақ көптеген жаңа достар тапты. Мектеп Фаинаға ой-өрісін дамтыуға, өз бағаланымын көтеруге көмектесті, сондай-ақ қатар алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуді, өз болашағын жоспарлауды үйретті.
Бүкіл оқу үдерісі кезінде «Students International» агенттігі оқу үдерісіне үнемі жетекшілік етіп отырды, маған мектеппен өзара әрекеттесуге көмектесті және біз барлық сұрақтарымыз бойынша әрдайым жедел ақпарат алып отырдық.
Алинаны (фотосуретте) британдық мектепке жіберу туралы шешім қабылдаған кезде біз тым кеш әрекет еткенімізді түсіндік. Қызымыз 15 жаста болды. Адамдар баланың үйренуі үшін, бейімделуі үшін және жоғары баға алуы үшін онымен кішкентай жасынан бастап айналысатынын білеміз. 15 жаста бұл аса қиын болады, уақыт мүлдем жетіспейді. Сонымен қатар, біз әуел баста Алинканың дәстүрлі мектеп-пансионда оқи алмайтынын түсіндік, ол қатаң тәртіпке үйренбеген. Ол еркін мінезді, жасампаз адам …
Students International мектеп таңдауға өте сауатты кірісіп, Лондондағы мектепті таңдады және қызымыз ол жерге A-level курсын оқуға кетті. Ол жерде оның әр қадамын ешкім бақылаған жоқ, бірақ мұғалімдердің елгезектікпен және зейінмен басшылық етуі арқасында қызымыз оқу үдерісіне жылдам кірісіп, құлпыра түсті! Әрине, осының барлығы оңай болған жоқ, ол өз жолын таңдай алмай, пәндерді бірнеше рет ауыстырған кезде жүйкеміз біршама тозып, біраз көз жасын төктік. Алайда мұғалымдер мен Students International қызметкерлері бізді тыңдап, бағыт бере алды және уақытылы түзете алды. Оны үздік жоғары оқу орындарына сұхбаттан өтуге керемет дайындады.
Қызымыздың Кембридж университетінде оқып жүргеніне бір жыл болды. Біз осыдан небәрі үш жыл бұрын бұл туралы армандай алмаған едік! Біз қызымызды мақтан тұтамыз және арманымызды іске асыруға көмектескені үшін Students International-ға алғыс білдіреміз!